Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Ол жапон императоры Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесті. Тоқаев енді "Орталық Азия – Жапония" форматындағы алғашқы мемлекет басшылары саммитіне қатысады. Тақырыпты сарапшы Асылзат Қарабаевамен талқыладық.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумына шабуылдауға үгіттегендердің сөзіне "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында құқықтық баға беруге шақырды. Депутат кімді меңзеді?
16 жасар ресейлік Тимур Турков былтыр күзде Қазақстанға заңсыз өткен. Өзі бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы себеп болды деп түсіндірген. Қазақстан оған шекараны заңсыз кесіп өткені үшін айыппұл салып, елден шығарып жіберуді ұйғарған.
39 жыл бұрын советтік Қазақстанды басқаруға республика халқына бейтаныс шенеунікті жұмсаған Мәскеудің шешіміне наразы мыңдаған қазақ қыз-жігіті Алматының орталық алаңына бейбіт шеруге шықты. Тарихшылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын Совет одағының ыдырауын жақындатқан "алғашқы қарлығашқа" жатқызады.
16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні Қазақстан қалаларында қоғамдық шара көп өтпеді. Астанада Ашаршылық ескерткіші маңы қоршаулы болды, ал Алматыда Желтоқсан ескерткішіне барғандарға «әкімдік өкілі» ескерту айтты. Екі қалада кемі төрт адам ұсталып, босатылды, 69 жастағы азаматқа үлкен айыппұл салынды.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Epetition платформасында 17 қарашада жарияланған "Біз ЛГБТИК+ адамдарды шектейтін заңдарға қарсымыз" атты петицияны қабылдамайтынын мәлімдеді. ЛГБТ қауымының құқықтарын көтеріп жүрген ұйымдар министрліктің ұстанымын сынға алды.
Совет одағында ресми саясатпен, идеологиямен келіспейтін, оны ашық білдіретін адамдарды өзгеше ойлайтындар немесе диссиденттер деп атады. Мұндай адамдар советтік Қазақстанда да бар еді. Олар кімдер? Бұл ұғымның астарында не жатыр? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
– Алматының түтін басып, тұрғындар тағы шағым айта бастады. Қаладағы жылу станциясы газға көшсе, мәселе шешіле ме? – Сирия халқы Башар Асадтың биліктен кеткеніне бір жыл толуын тойлап жатыр. – Израиль Газа бойынша бейбіт келіссөздің екінші кезеңіне өтпек. Бұған ХАМАС қандай шарт қойып отыр?
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылы үшін Украинаға наразылық білдірді. Бұл шабуыл мұнай экспортын тежеп, Еуропа, Үндістан және Қытайдағы нарыққа ықпал етпек.
Тағы