Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Ол жапон императоры Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесті. Тоқаев енді "Орталық Азия – Жапония" форматындағы алғашқы мемлекет басшылары саммитіне қатысады. Тақырыпты сарапшы Асылзат Қарабаевамен талқыладық.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумына шабуылдауға үгіттегендердің сөзіне "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында құқықтық баға беруге шақырды. Депутат кімді меңзеді?
16 жасар ресейлік Тимур Турков былтыр күзде Қазақстанға заңсыз өткен. Өзі бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы себеп болды деп түсіндірген. Қазақстан оған шекараны заңсыз кесіп өткені үшін айыппұл салып, елден шығарып жіберуді ұйғарған.
Сәрсенбі, 17 желтоқсан күні тоғыз құқық қорғау ұйымынан тұратын коалиция Қазақстан билігі кейінгі апталарда тәуелсіз журналистер мен баспасөз құралдарына қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеп, ел билігіне үндеу арнады.
39 жыл бұрын советтік Қазақстанды басқаруға республика халқына бейтаныс шенеунікті жұмсаған Мәскеудің шешіміне наразы мыңдаған қазақ қыз-жігіті Алматының орталық алаңына бейбіт шеруге шықты. Тарихшылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын Совет одағының ыдырауын жақындатқан "алғашқы қарлығашқа" жатқызады.
16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні Қазақстан қалаларында қоғамдық шара көп өтпеді. Астанада Ашаршылық ескерткіші маңы қоршаулы болды, ал Алматыда Желтоқсан ескерткішіне барғандарға «әкімдік өкілі» ескерту айтты. Екі қалада кемі төрт адам ұсталып, босатылды, біреуіне көп айыппұл салынды.
16 желтоқсан — Қазақстанның жаңа тарихындағы ең қайғылы даталардың бірі. 2011 жылы осы күні Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қан төгілді. Полиция ереуілшілерге оқ атып, 17 адам қаза тапты. Қанды оқиға куәгерлері 14 жыл бұрынғы сол күнді қалай еске алады?
Ресей Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облысы кіретін Донбасс аймағын "келіссөзбен, болмаса қарудың күшімен" толық алғысы келеді. Бірақ бұған Украина қарсы.
Тағы