Accessibility links

Сенат "ЛГБТ насихатына тыйым салуды" қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады


Kazakhstan - senate house, parliament higher chamber, senate office. Nur-Sultan, 2 December 2021
Kazakhstan - senate house, parliament higher chamber, senate office. Nur-Sultan, 2 December 2021

18 желтоқсанда сенат "ЛГБТ насихатына тыйым салуды" қарастыратын нормасы бар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжаттың толық атауы – “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң деп аталады.

Құжатты таныстырған мәжіліс депутаты Руслан Рүстемовтің сөзінше, заң жобасының мақсаты - архив саласындағы заңнаманы жетілдіру, архив қызметінің тиімділігін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау.

Оның айтуынша, құжат өзге мәселелермен қатар “өскелең ұрпақты қоғамға тән емес дәстүрлерді насихаттаудан қорғауды, неке және отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасы құндылықтарын ілгерілетуді, балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етеді”.

Депутаттың сөзінше, осы құжат аясында 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Олардың арасында Еңбек кодексі, "Масс-медиа туралы заң" да бар.

Бүгін үзілістен кейін заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

"ЛГБТ насихатына тыйым салуды" қарастыратын даулы норма жоғарыда аталған заң жобасында бар.

Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан парламентін түзетулерден бас тартуға шақырған еді. Құқық қорғаушылардың пікірінше, ұсынылған түзетулер адам құқығын бұзып, елдегі ЛГБТИК+ өкілдеріне қатер төндіруі мүмкін.

Ал жоба авторларының түсіндіруінше, аталған түзетулер "ЛГБТ өкілдеріне қарсы бағытталмаған", "оларды насихаттауға" ғана тыйым салады.

Осы даулы норма талқыланып жатқан шақта елде ЛГБТ өкілдерінің құқығына арналған жиындарды өткізбеу, өкілдерін ұстау мен қудалау жиілегені хабарланды. Осыған дейін Feminita қозғалысының белсендісі Жанар Секербаева Алматыдағы KIMEP университеті жанындағы TEDx шарасының спикерлері қатарынан алынып тасталғаны белгілі болған. Оның алдында белсендіні Астанада полиия ұстап босатқан. Оның алдында Астанада “ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы” түзетулер талқылануы тиіс болған жиын офлайн өтпей қалған.

XS
SM
MD
LG